Пока, 20 миллион! Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы қанша?

29.03.2025, 13:30

"ЖаркOFF" телеграмм-арнасының мәліметіне сәйкес, Асхат Тағыберген «Тобылмен» келісіп қойған.

Пока, 20 миллион! Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы қанша?
Асхат Тағыберген

Сондай-ақ, танымал арнаның ақпаратына сенсек, Қазақстан құрамасы капитанының қостанайдағы жалақысы «Ордабасыдан» әлдеқайда аз болмақ. Шымкент шаһарының әкімі мәлімдеген 20 миллионды айтып тұрмыз. Енді жартылай қорғаушының «Тобылдағы» айлық еңбекақысы бұл сомадан біраз төмен болатын секілді. Нақты қанша екені түсінікті себептерге байланысты әрине белгісіз. 

Қос тараптың шешілмей тұрған бір ғана мәселесі қалған көрінеді: «Тобыл» Асхаттың трансфері үшін шымкенттік командаға белгілі мөлшердегі компенсациясын төлеуі тиіс, содан кейін бар шаруа бітті дей беруге болады. 

 

Айта кетейік, А. Тағыберген 2017-жылы және 2021 мен 2022-жж аралығындағы маусымда қостанайлықтар жейдесінде өнер көрсеткен. Бұдан бөлек мансабында «Ақтөбе», «Астана» мен қызылорданың «Қайсары» болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×