Тайнан - футзалдан Португалия чемпионатының үздік сұрмергені жүлдесін алды

11.09.2024, 19:12

“Спортинг” ойыншысы Тайнан Portugal Futsal Award марапатына лайық деп танылды.

Тайнан - футзалдан Португалия чемпионатының үздік сұрмергені жүлдесін алды

Португалия чемпионатының өткен маусымында Тайнан Рего “Спортинг” сапында 23 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Ол “Электриконың” грузиялық ойыншысы Сими Сайоттиден басым түсті (20 гол).

Еске салайық, Тайнан 2023/24 жылғы маусымда “Спортингпен” Liga Placard-та чемпион атанды. 

31 жастағы ойыншы “Жарагуа”, “Рио де Сул”, “Кейма”, “Мес Сунгун”, “Қайрат” және “Эль-Посо” клубтарында өнер көрсеткен.

Өкінішке қарай, Тайнан құжаттарының дұрыс еместігіне байланысты ел құрамасына Өзбекстандағы мундиальда көмектесе алмайды. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×