Талғат Байсуфинов: “Біз Өзбекстан құрамасына тек жеңіс тілейміз”

Бүгін, 13:16

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Өзбекстан құрамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Талғат Байсуфинов: “Біз Өзбекстан құрамасына тек жеңіс тілейміз”

Tribuna.uz сайтына берген сұхбатында ол бауырлас елдің жанкүйерлері ұйымдастырған ерекше акцияға ризашылығын білдіріп, алдағы матчтан үлкен үміт күтетінін жеткізді.  

Байсуфинов өз сөзін Өзбек тілінде амандық сұрасудан бастап, бауырлас халықтың бірлігіне тәнті болғанын жасырмады.

“Өзбек жанкүйерлерінің бауырлас халықтардың туын біріктіріп ұйымдастырған бұл акциясы біздің де жүрегімізді қатты елжіретті. Бұл – өте дұрыс қадам, өте әдемі тәсіл.”– деді Байсуфинов.

Бас бапкер Қазақстан халқының Өзбекстан үшін шын жүректен жанкүйер болып отырғанын және тек қана оң нәтиже тілейтінін ерекше атап өтті.

Талғат Байсуфинов алдағы маңызды кездесулерге қатысты өзінің ішкі болжамымен бөлісті. Оның пайымдауы бойынша, Өзбекстандық ұжым сенсация жасауға қауқарлы.

“Жеке менің ішкі түйсігім мен сезімім мынаны айтады: бұл кездесуде сіздер ең кемі ұтылмайсыздар, ал ең жоғарғысы – жеңіске жетесіздер. Біздің Орта Азия футболы алаңда ғажайыптар жасай алады. Алдағы матчтарда тамаша ойын көрсетеді деп үміттенемін."

Бапкер сөзінің соңында көрші елдің футболшыларына сәттілік тіледі:

“Жігіттер сенімді ақтайды, тек қана алға.” – деп жігерлендірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×