Талғат Байсуфинов: Дастан Сәтпаевқа демалыс беруді ұйғардық

09.10.2025, 18:08

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың шығындар туралы айтты.

Талғат Байсуфинов: Дастан Сәтпаевқа демалыс беруді ұйғардық

«1 қазаннан бастап толыққанды дайындықты бастадық. Біз ертеңгі ойынға дайынбыз. Өкінішке қарай, Дастан Сатпаев жарақат алды. Жүктемесі жоғары. Чемпиондар лигасы, чемпионатта үнемі ойнағандықтан, шамадан тыс күш түсті. Ол медицина штабының қарауынан өтті және біз оған демалыс беруді ұйғардық. Сергей Малый да жарақат алып қалды. Сондықтан Лихтенштейнге қарсы ойнамайды. Бірақ 13 қазанда өтетін Солтүстік Македониямен сырттағы матчқа дейін дайын болады», — деді Байсуфинов.

Қазақстан - Лихтенштейн матчы 10 қазан күні «Астана Аренада» өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қазақстан
Aladop Youtube
×