Талғат Байсуфинов “Ертістегі” қызметі туралы ақпаратты теріске шығарды – “Менің "Ұлытаумен" қолданыстағы келісімшартым бар”

Бүгін, 13:38

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Павлодарлық "Ертіс" клубының директоры Мұрат Тілешевтің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Талғат Байсуфинов “Ертістегі” қызметі туралы ақпаратты теріске шығарды – “Менің "Ұлытаумен" қолданыстағы келісімшартым бар”

Маман Павлодарлық ұжымның бапкерлік штабында кеңесші болады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ашық айтты.

Талғат Байсуфинов клуб басшылығымен тек үміткерлер төңірегінде ғана сөйлескенін және бұл процесс баяғыда аяқталғанын жеткізді:

"Нұрбол Жұмасқалиев қызметінен кеткеннен кейін, клуб өкілдері маған Павлодар футболының ардагері әрі осы өңірдің тумасы ретінде хабарласып, бас бапкер лауазымына үміткерлер бойынша пікірім мен ұсыныстарымды сұраған болатын. Мен Ұлттық құрамада бірге жұмыс істеген және Павлодарлық клубты басқаруға лайықты деп есептейтін бірнеше кәсіби маманның есімін атадым. Осымен менің бұл мәселеге қатысуым аяқталды.” – дейді Байсуфинов Елдар Аманбаевқа берген сұхбатында.

Талғат Байсуфинов қазіргі уақытта мүлдем басқа клубтың құрылымында жұмыс істеп жатқанын және "Ертістің” ағымдағы қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін, бапкерлік штабтың мүшесі еместігін және ешқандай консультациялық қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта маман "Ұлытау” клубымен тығыз байланысты. Ол жерде Футбол орталығының жетекшісі қызметін атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×