Талғат Байсуфинов: «Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмады»

14.11.2021, 14:21
Талғат Маруаұлы қателіктермен жұмыс істеп, мұндай келеңсіздікті болдырмауға тырысатынын айтты.
Талғат Байсуфинов: «Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмады»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен болған матчтан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

- Қарсылас команданы жеңіспен құттықтаймыз. Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан да, бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды. Біз өзіміздің стандартты жағдайымызды толық іске асыра алмадық. Футболшылар жаттығуда істеп жүрген шаруаларын алаңда іске асыра алмады.

- Килиан Мбаппенің голдары Сізге ауыр тиді ме?

- Жоқ, ол тек Килианның еңбегі емес, ол командалық ойынның арқасы. Ең бастысы Францияның қаптал арқылы жасаған шабуылдары өте өткір болды. Біздің жіберген алғашқы 3 голымыз Францияның қаптал арқылы жасаған шабуылдарынан кірді. Біз осы тұста көп қателестік. Енді қателіктермен жұмыс істеп, мұндай келеңсіздікті болдырмауға тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×