Талғат Байсуфинов: “Құдай қаласа, осы бағытта еңбектенуді жалғастырамыз”

14.10.2025, 11:15

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Солтүстік Македониямен өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын (1:1) қорытындылады.

Талғат Байсуфинов: “Құдай қаласа, осы бағытта еңбектенуді жалғастырамыз”

Маманның айтуынша, команда бұл кездесуде лайықты ойын өрнегін көрсетті және жанкүйерлердің қолдауына ризашылығын білдірді.

“Ең алдымен, біздің жанкүйерлерді оң нәтижемен құттықтаймын. Әрине, мақсатымыз — жеңіске жету еді, бірақ тең нәтиже де жаман емес. Жігіттер соңына дейін күресіп, нағыз ер мінезін көрсетті. Бірінші таймда біз өз ойынымызды көрсеттік, прессингтен сауатты шыға білдік. Ал екінші таймда кейбір сәттерде қателіктер көбейіп кетті.” – деді Байсуфинов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бас бапкер сонымен қатар командадағы оң өзгерістерге тоқталды:

“Біз әлі де тұрақтылық бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы екі матчта прогресс анық байқалады. Ойыншылар біздің философиямызды түсіне бастады, оларға бұл тәсіл ұнап келеді. Құдай қаласа, осы бағытта еңбектенуді жалғастырамыз.” — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×