Талғат Байсуфинов: «Қазақ тілінде сөйлей алмаймын деп айтқаным дұрыс болмас»

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
08.02.2021, 02:49
Талғат Маруаұлы ҚПЛ клубтарының бас бапкерлерімен жақсы қарым-қатынаста екенін мәлімдеді.
Талғат Байсуфинов: «Қазақ тілінде сөйлей алмаймын деп айтқаным дұрыс болмас»

Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі мүмкіндіктер туралы, РПЛ-дегі қазақстандық ойыншылар жайлы, сондай-ақ қазақ тілін білмейді деп тағылған айыпқа жауап берді.

- Қазіргі кезде бас бапкер ретінде қандай жұмыстар атқарып жатырсыз?

- Біз қаңтар айынан бастап жұмыс істеудеміз. Қазір ақпараттық жұмыс жүріп жатыр - біз клубтармен белсенді қарым-қатынас жасаймыз, ойыншылардың жағдайымен танысамыз, өйткені көпшілігі оқу-жаттығу жиындарына кеткен. Біз ойыншылардың физикалық жағдайын анық көру үшін медициналық жабдықтарды пайдаландық. Осы сынақтардың арқасында біз олардың маусым бойы дайындығын бақылайтын боламыз.

- Биыл қазақстандық футболшылар Ресей Премьер-лигасында сұранысқа ие. Кейбіреулері келісімшартқа отырып үлгерген. Бұл ұлттық құрамаға пайдалы ма, егер пайдалы болса, неге?

- Бұл сөзсіз жағымды сәт. Олар бәсекелестік жоғары болатын ортада күреседі. Мен үшін, негізгі команданың жаттықтырушысы ретінде, ең бастысы, ойыншылардың ойын практикасы және тұрақты формада болуы. Шетелге құр босқа бару футболшыға да, ұлттық құрамаға да зиянын тигізеді.

- Біздің команда іріктеу кезеңінде Франция, Украина, Финляндия және Босния сияқты қарсыластарымен кездеспек. Топтық кезеңде ұлттық құрама алдына қандай мақсаттар қояды?

- Бұл іріктеу кезеңі, мұнда біз жоғары мақсаттар қоямыз. Мен қай командалармен ойнауымыз керектігін жақсы түсінемін, сондықтан біз әр кездесуге шыңдап дайындаламыз. Қарсыластарымыз топтағы орнын анықтап қойған шығар. Біз бұл топта белгісіз қарсылас боламыз, олардың бізді елемегенін өз пайдамызға жаратуымыз керек. Үйренетін нәрсе көп болады, өйткені топ өте мықты. Байыпты көзқараспен және барымызды салып ұпай жинауға тырысамыз.

- ҚПЛ клубтарының жаттықтырушыларымен қандай қарым-қатынас орнаттыңыз?

- Біздің қарым-қатынасымыз жақсы. Мен олардың жұмысқа деген көзқарасын білемін, олар менікін біледі. Біз олармен ортақ тіл табысамыз деген ойдамын. "Атыраудың" жаттықтырушысы Арам Восканян бір кездері менің қол астымда ойнады. "Ақжайықтың" бас бапкері Владимир Мазяр менімен үнемі байланыста. "Астанадағы" Андрей Тихоновпен жақсы қарым-қатынастамын. Біз бірнеше рет кездестік. Жастар құрамасы "Астанамен" бірнеше жолдастық кездесу өткізді, ол үшін біз Тихоновқа ризамыз. Мен Александр Седневпен те сөйлестім, ол ұлттық құрама үшін бәрін жасайтынын айтты. Басқа жаттықтырушылармен де байланыс бар. Менің ойымша, бұл тұрғыдан ешқандай мәселелер болмайды.

- Ұлттық құрамаға әлі шақыртылмаған футболшыларды тарту ойыңызда бар ма?

- Ұлттық құрама эксперимент жасайтын жер емес делік. Құрамның негізі бұған дейін ойнаған барлық ойыншылар болмақ. Біз сондай-ақ жастар құрамасының ойыншыларына мұқият қараймыз. Менің кеңейтілген тізімімде бірнеше ойыншылар бар, бірақ олардың аттарын қазір атамаған жөн болар еді.

- Сізді қазақ журналисттерінің бірі (Нұрсұлтан Құрман) қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты деп айыптады. Шынымен солай болды ма?

- (бұл сұраққа қазақ тілінде жауап берді). Менде осы мәселе бойынша бір сұхбат болды. Біріншіден, мен айтқым келеді: бұл адам менімен сөйлеспеді. Екіншіден, мен оны тіпті білмеймін. Енді мен мұның не үшін бұлай болғанын түсінбеймін. Бұл айыптаулар негізсіз және менің ана тілде сөйлей алмаймын деп айтуым дұрыс болмас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×