Талғат Байсуфинов «Тобылды» тізгіндеуі мүмкін

17.05.2022, 02:32
Григорий Бабаян қостанайлық клубтың ұсынысын қабылдамады.
Талғат Байсуфинов «Тобылды» тізгіндеуі мүмкін

Sportx.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық маман Талғат Байсуфинов «Тобылдың» бас бапкері атануы мүмкін.

Бүгін қостанайлық клуб Александр Москаленконың қызметінен кеткенін хабарлады. «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін қос тарап өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзды. Команданың бұрынғы жаттықтырушысы Григорий Бабаян ел чемпионының ұсынысын қабылдамады.

Енді бұл қызметке негізгі үміткер ретінде 2016 жылдан бері клуб деңгейінде жұмыс істемеген Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Талғат Байсуфинов қарастырылуда. 53 жастағы маман 2010 және 2011 жылдары «Ертіспен» чемпионаттың күміс және қола медальдарын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×