Талғат Байсуфинов ұлттық құрамада ұзақ уақыт қалуға дайын ба?

10.10.2025, 22:51

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ұлттық құрамада ұзақ уақыт қалу мүмкіндігін шамалады.

Талғат Байсуфинов ұлттық құрамада ұзақ уақыт қалуға дайын ба?

«Кәсіби түрде жауап берейін. Ұлттық құрамада бас бапкер тағайындалатынын білеміз. Сондықтан бұл сұрақ федерация басшыларына қойылуы қажет. Шынын айтсам, 2021 жылы бас бапкерліктен кетсем де, ұлттық құрамадан қатты алыстай қойған жоқпын. Федерация тарапынан ұйымдастырылатын семинарларға қатысып тұрамын. Жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамоновқа ментор болдым. Тағы да қайталап айтамын. Ұлттық құрамада қандай қызметте болсам да, көмектесуге дайынмын», - деді Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік,  Талғат Байсуфинов бұған дейін 2016 және 2021 жылдары да Қазақстан құрамасымен 18 матч өткізіп, 3 жолдастық ойында (Қытай, Тәжікстан, Әзербайжан) жеңіске жеткен. Ресми кездесулерде Польшамен (2:2), Румыния (0:0), Украина (2:2, 1:1), Босния және Герцеговина (2:2) елдерімен соңғы минутқа дейін жан алысып, жан берісіп, тең түскен. Бүгін ол бірінші мәрте ресми ойында жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×