Талғат Байсуфинов: «Жалақыны күтіп жүрмін»

14.11.2013, 21:41
Талғат Байсуфинов: «Жалақыны күтіп жүрмін»

«Ертіс» ФК бас бапкері «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында клуб ішіндегі жағдай туралы баяндап берді.
- Талгат команда басшылығы ойыншылар алдындағы қарызын әлі өтеген жоқ па? - Жалақыны өтейтін түрлері де жоқ. Мынау сұмдық болды. Ел алдында қалай ұялмайды? Қарызды беру түгілі сөйлескілері де келмейді бізбен. Жалынып арттарынан жүгіру керекпіз деп ойлайды ғой деймін. Бізбен неге мұндай қарым-қатынаста екені белгісіз. Даудамайлар тезірек аяқталса екен деп тілейміз. Бізге футболды түсінетін, жаны ашитын басшы керек. Кереку – халқы футболға жан-тәнімен берілген. Мұнда дәстүр сақталған. Қаржы мәселесі бойынша сұрақтарды маған қоятындарды түсінбеймін. Осының бәрін көре тұра командамен қоштасқыңыз келмейді ме? - Амалым қанша? Мен де жалақыны күтіп жүрмін. Клуб былтырғы жылға, биылға қарыз маған. Өзге командалардан ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па? - Еңбек ақымды алған соң ойлануға тура келеді. Командадан кеткен ойыншылар бар ма? - Бірнеше ойыншы қош айтысты. Есімдерін атамай-ақ қояйын. - Оқу-жаттығу жиындары қашан? - Желтоқсан айында басталу керек. Бірақ қалай боларын білмеймін.  
Түпнұсқасы: www.prosportkz.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×