Талғат Байсуфинов жаңа жұмысқа орналасты

30.05.2022, 22:35
Қазақстандық маман Премьер-лига клубына директор болып тағайындалды.
Талғат Байсуфинов жаңа жұмысқа орналасты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов «Мақтаарал» клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Белгілі инсайдер Владимир Жарковтың мәліметінше, атакенттік клубқа Талғат Маруаұлынан бөлек, Игорь Свечников және Николай Родионов қосылған. Бүгін олар команда ойыншыларына таныстырылды.

Бұл ретте бас бапкер Андрей Ферапонтов, сондай-ақ оның көмекшілері Руслан Есатов пен Виталий Кувшинов өз орындарын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×