Талғат Байсуфиновтың тағдыры не болмақ? Екі ойын шешім қабылдауға негіз бола ма? Мамандар Қазақстан бас бапкеріне байланысты қандай ойда?

15.10.2025, 12:45

Танымал жаттықтырушы, сарапшы Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының өнерін бағалап, бас бапкеріне байланысты пікірін айтты.

Талғат Байсуфиновтың тағдыры не болмақ? Екі ойын шешім қабылдауға негіз бола ма? Мамандар Қазақстан бас бапкеріне байланысты қандай ойда?
Бахтиер Зайнутдинов пен Талғат Байсуфинов

Естеріңізде болса, Әли Әлиевтен кейін ұлттық команда тізгінін Талғат Байсуфинов ұстаған еді. Отандық маман құрама бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы ретінде ӘЧ-2026 іріктеуінде екі матч өткізіп, 4 ұпай еншілеген. Лихтенштейнді 4:0 және Солтүстік Македониямен 1:1 болған.     

«Солтүстік Македониямен ерекше қуантқаны – жеңіліп қалмасақ болды деген ой болған жоқ. Қайта керісінше, жеңіс үшін ойнадық. Допқа иелік ету, прессинг. Қарсыластан кем болмағанымызды статистика да көрсетті. Ұтып кетуіміз де мүмкін еді... Бірақ маңыздысы бұл емес, жігіттердің көзінен от көрдік, біртұтас команда болып шайқасты. Жалпы, осы ойынға жақсы дайындалған. Солтүстік Македониямен матч осы іріктеудегі ең үздік ойын. Жігіттерге үлкен рахмет! Ал бас бапкерге байланысты шешім шығаруға әлі ерте сияқты. Бельгиямен ойынды күтейік. іріктеу кезеңін түйіндеп барып, пікір айтқан жөн болар», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Қазақстан 15-қарашада Бельгияны қабылдайды. Әзірге өз тобында 7 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан. Ал Бельгия көш басында.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×