Тамаза Цецхладзе «Қызылжар» сапынан кетті

29.07.2020, 20:00
Ол осы маусымда 3 матч өткізіп үлгерді
Тамаза Цецхладзе «Қызылжар» сапынан кетті

Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының сапынан грузиндік Тамаза Цецхладзе кетті. Ол отбасылық жағдайына байланысты екі жақтың ортақ шешімімен келісімшартты бұзды.

Осы маусымда "Қызылжар" сапында грузиндік жартылай қорғаушы үш матч өткізді. Петропавлдық ұжым 3 ұпаймен 10-орынға жайғасты.

Қазақстандық футболға дейін ол грузиялық "Гардабани" және "Торпедо" сынды ұжымдарда доп тепкен. Одан бөлек әзірбайжандық "Сабаил" клубында өз бағын сынаған.

Әлішер Хабидолла


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×