Таңдауына өкінді ма? – Қазақстандық футболшы ҚПЛ-ге оралмақ

Бүгін, 17:30

Грозныйдың "Ахматы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек отандық біріншілікке оралуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Таңдауына өкінді ма? – Қазақстандық футболшы ҚПЛ-ге оралмақ

Елдар Аманбаевтың мәліметінше, талантты футболшыны қазіргі таңда бірнеше алпауыт клуб өз сапынан көргісі келеді.

Ресейге кеше ғана аттанған Ғалымжанға еліміздің үш бірдей клубы — "Ордабасы", "Ақтөбe” және бұрыңғы клубы "Елімай" қызығушылық танытуда.

Шымкенттік ұжым жартылай қорғаушыны дәл осы трансферлік терезеде жалға алуды жоспарлап отырған көрінеді. Ал, “Қызыл-Ақтар" да жағдайды жіті бақылауда.

Семейлік клуб та бұл бәсекеде осал емес. Ғалымжан бұған дейін берген сұхбаттарында егер Қазақстанға оралатын болса, міндетті түрде "Елімайды” таңдайтыны туралы уәде берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×