
Қазақстандық танымал бапкер Асқар Қожабергенов ӘЧ іріктеуінің аясында Солтүстік Македонияға қарсы болған ойынды қортындылап, Қазақстан құрамасының өнерін сынға алды.
Кеше Әли Әлиевтің командасы 0:1-мен есе жіберіп, кезекті жеңілісіне ұшырады.
«Өкінішке қарай, қарапайым жағдайдағы қателіктерден қақпамызға гол жіберіп алдық. Алдымен, Марат Быстров, ал одан кейін Ян Вороговский, дәл осындай үшінші қателіктің кесірінен гол жіберіп тындық. Тоқтала кететіні, бұл қателіктер қарымта шабуылда немесе қарсыластан допты тартып алу кезінде емес, біздің команда позициялық шабуылға енді көшкенде болып отыр. Қарсыластың қысымы жоқ кездің өзінде осылай қателестік. Бұлай гол жіберу өте өкінішті», - деді қазақстандық маман “Sports.kz” -ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, кешегі сәтсіздіктен кейін Әли Әлиевтің командасы өз тобындағы төртінші орынға сырғыды. Қазақстан 3 матчтың екеуінде жеңіліп, бір ойынды жеңіспен аяқтаған болатын (Лихтенштейнді 2:0 ұтып). Ұлттық құрама команда келесі кездесуін 4-қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET