Танымал бапкер Қазақстандық клубқа жоғары баға берді

Бүгін, 15:06

Жеңіліске қарамастан, Қазақстандық клубтың көрсеткен мінезі мен жауынгерлік рухы "Арсеналдың" бапкері Микель Артетаны тәнті еткені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Танымал бапкер Қазақстандық клубқа жоғары баға берді

Артетаның мақтауы және "Қайраттың” батылдығы

Ойыннан кейін "Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпионат порталына берген сұхбатында Лондондық клубтың басшысымен болған әңгімесінің мән-жайын бөлісті. Уразбахтиннің айтуынша, Артета Алматылық ұжымның ойынын мұқият зерттеп, олардың Еуропалық алпауыттарға қарсы еш жасқанбай өнер көрсеткенін ерекше атап өткен.

"Артета біздің "Интер” және "Реалмен” өткен ойындарымызды қарап шыққанын айтты. Ол біздің команданың батылдығын жоғары бағалап, алаңда еш қорықпайтынымызды жеткізді. Сонымен қатар, "Қайратты” жүрегі үлкен команда деп атады. Мұндай деңгейдегі маманнан мұндай жылы сөздер есту — біз үшін үлкен мәртебе.” — деді Рафаэль Уразбахтин.

Баға жетпес тәжірибе

Екі бапкер матчтан соң өзара пікір алмасып, естелікке суретке түскен. Уразбахтин үшін бұл кездесу тек кезекті ойын емес, кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік беретін үлкен мектеп болғаны анық.

"Мұндай бапкерге қарсы тактикалық айқасқа түсу, осындай деңгейдегі командамен бәсекелесу — мен үшін баға жетпес тәжірибе.” — деп түйіндеді сөзін "Қайраттың” бапкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×