"Париж Сен-Жермен" клубының бас бапкері Луис Энрике велосипедтен құлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Оқиға жұма күні болған. Энрике велосипедімен жүріп келе жатып құлап, содан кейін бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның бұғанасын сындырғанын анықтады.
Абырой болғанда, Испаниялық маман басқа ауыр жарақат алған жоқ. Дегенмен, сынған сүйегін қалпына келтіру үшін оған ота жасалмақ.
Бұл жағдай жайлы хабарды "ПСЖ” ресми әлеуметтік желілерінде жариялады:
"Жұма күні болған велосипед апатынан кейін "Париж Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике жедел жәрдем қызметінің көмегін алды және бұғана сынуына байланысты ота жасалады. Клуб толық қолдауын білдіріп, тез сауығып кетуін тілейді. Қосымша ақпарат жақын уақытта жарияланады."– делінген хабарламада.