Ресейлік «Ведомости» басылымы «Қайраттың» ЧЛ-дағы нәтижесін алматылық клубтың шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен байланыстыруда.
Дәлірек айтсақ, ҚПЛ чемпионының екінші кезеңдегі финляндиялық «КуПС» командасымен өтетін кездесудегі тағдырын 16 жасар футболшы шешуі мүмкін дейтін тұжырым жасаған.
«Куопиода тағы да үлкен назар «Қайраттың» 16 жасар вундеркинды Сәтпаевта болады. Биыл Дастан Қазақстан Суперкубогінен басқа өзі қатысқан барлық турнирлерде қанжығасы майланып келеді. Өз елінің ағымдағы чемпионатында гол+пас жүйесі бойынша 17 матчта оның еншісінде 8+5, ал Кубок пен ЧЛ-да екі кездесуде бір-бір голдан салған. Сейсенбідегі бәсекенің нәтижесі негізінен осы жасөспірімнің ойынына байланысты болады», - делінген порталдың материалында.
Командалар бірінші кездесуде ертең Финляндияда жолығады. Ал қарымта ойын бір аптадан кейін Алматыда өтеді.