Танымал блогер Қазақстандық ойыншыны жоғары бағалады

20.09.2025, 12:00

"Челсидің" жаңалықтарын жиі жариялайтын танымал X-блогер Blue Footy "Спортинг" – "Қайрат" кездесуінен кейін Дастан Сатпаевтың ойынына деген таңданысын жасырмады.

Танымал блогер Қазақстандық ойыншыны жоғары бағалады

Алматылық клуб "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылғанына қарамастан, 17 жастағы форвард өз ойынымен көпшіліктің назарын аударды. Блогер оның алаңдағы сенімділігін және жасаған соққыларын ерекше атап өтті:

"Сатпаевтың соққысы 30 жастағы шабуылшылардан да мықты. 17 жастағы ойыншы үшін бұл ақылға қонбайтын деңгей.” – деп жазды Blue Footy.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×