Танымал әншінің арқасында “Қайрат” футболшылары маңызды ойын алдында демалып алмақ

10 тамыз күні Алматыда ән шырқайтын Дженнифер Лопестің “Қайратқа” әкелер пайдасы қандай?

Танымал әншінің арқасында “Қайрат” футболшылары маңызды ойын алдында демалып алмақ

1 тамыз күні елордамыз Астанада концерт беретін Джей Ло араға 9 күн салып, оңтүстік астанамызға табан тіремек ниетте. 

Атақты әншінің Алматыға келуіне байланысты Премьер-лиганың біраз ойындары кейінге шегерілді. “Қайраттың” “Жеңіске” қарсы өз алаң кездесуі де келер айда ойнатылмақ. 

Ал бұл жағдай Уразбахтин шәкірттерінің оң жамбасына келіп тұр. Себебі, “Қайрат” “Слованға” қарсы қос ойын ортасында демалады. Сөйтіп, өткізетін матчтар санын біреуге азайтады. Ал қарсылас болса, күнтізбесіне сәйкес, 4 матч өткізеді. Одан тағысы, Алматыдан кейін Злате-Моравцеге ұзақ жолға шығады. Оның барлығы қосымша күшті талап етеді. 

Екі ортада демалған “Қайрат” болса, 13 тамыз күні Братиславаға екінші тыныспен келеді. 

Айта кетейік, "Қайратпен" ойнауы керек “Жеңістің” осымен Премьердегі екінші ойынының күніне өзгеріс еніп отыр. Осыған дейін 25 шілдеде “Оқжетпесті” қабылдауы тиіс болған команда 27 шілде күні қарсыласымен кім мықтыны анықтаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×