
«Футбол на Куличках» сайты Лихтенштейн - Қазақстан матчына болжам жасады.
«Лихтенштейн ұлттық командасынан жарыс алдында ешкімнің керемет нәтиже күтпегені анық, іріктеу циклінің бастапқы кезеңі де бұл ұжымның ұпай сыйлаушының рөлінде екенін көрсетіп берді. Қазақстанға қарсыласының арқасында сенімді жеңіске жетіп, жігерленіп алуына тамаша мүмкіндік туып тұр. Оның үстіне Уэльспен өткен кездесу Қазақстанның ойыны соншалықты мардымсыз емес екенін көрсетті, – делінген сайт материалында.
Фактілер:
– Бұған дейін бұл екі команда өзара кездеспеген;
– Лихтенштейн алғашқы турда өз алаңында Солтүстік Македониядан ірі есеппен жеңілді (0:3);
– Қазақстан алғашқы кездесуін Уэльспен (1:3) жеңілістен бастады;
– Лихтенштейн қатарынан үш матчта жеңіліске ұшырады;
– Лихтенштейннің ресми матчтағы соңғы жеңісі 2020-жылдың қыркүйегінде Сан-Мариноға қарсы (2:0) тіркелген;
– Лихтенштейн өз алаңында 2018-жылдың қыркүйегінен бері жеңіске жетпеген, сол кезде олар Гибралтарды (2:0) ұтқан.
Айта кетейік, ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET