
Дзюдодан спорт шебері Зәмзәгүл Файзолланова футболшылардың жалақысы мен жапон күресінің спортшылары алатын айлықты салыстырып, таңданысын білдірді.
«Дзюдошының орташа жалақысы 300 мың теңге. Футбол ойнай алмайтыныма қатты өкінемін (күледі). Бір күндері дзюдошылар да футболшылардай айлық алады деп үміттенемін! Футболшы мыразалар, енді осындай ақшаны (20 миллион теңге) адал ақтаңыздар! Жапонияда дзюдошылар футболшылармен спарринг өткізеді, біздікілерді де жіберсін бір-екі әдіс көрсетіп жіберейік», - З. Файзолланова «Казфутбол.кз-ке» берген сұқбатында.
Айта кетейік, жуырда «Ордасыдан» кеткен Асхат Тағыбергеннің айлығына байланысты біраз дау шыққан болатын. Шымкент қаласының әкімі футболшының еңбекақысын көпшілікке жариялап (20 млн теңге) жіберген еді. Артынан жартылай қорғаушы шымкенттік клубпен қош айтысып, басқа клуб жейдесін киді.
Біздің серіктес: FONBET