Танысатын қыз іздегені үшін клубтан қуылды

20.02.2024, 18:17

“Бешикташ” командасы Эмирхан Делибашпен болған арадағы келісімді бұзды, деп жазады Аладоп.кз.

Танысатын қыз іздегені үшін клубтан қуылды

Футболшының клубтан кетудегі басты себептерінің бірі ретінде Tinder платформасындағы Делибаштың аккаунты болуы мүмкін. Онда ол “қырандардың” клуб жейдесімен әжетханада түскен фотосын жүктеген. Команданың эмблемасы айдан анық көрініп тұрған сурет ыстамбұлдық жанкүйерлердің ызасын тудырған. Оған қоса, фанаттар футболшының команда жағдайын емес, қыздың қамын ойлап отырғанына таңы бар.

Эмирхан “Бешикташ” үшін Түркия Суперлигасы мен КЛ аясында бір-бір матчтан өткізген. 

Футболшы Түркияның Жастар құрамаларында бас-аяғы 5 ойын өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×