
Түркия футболының танымал сарапшысы Алехандро Парра Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың өнеріне тәнті.
Белгілі аналитик 22-жастағы ойыншыны топ-чемпионаттарға дайын деп есептейді екен.
«Сәтпаевқа байланысты ажиотажды түсінемін (онымен өзім де келісемін) бірақ қазіргі Қазақстан құрамасы Максим Самородов (22) пен Ислам Чесноковтың (25) арқасында келеді. Олардың бар үкілеген үміті осы екі футболшымен байланысты болып отыр.
Самородов қазірдің өзінде еуропаның топ-10 чемпионатындағы кез-келген ортаңқол командаға ауысып, өнер көрсете алады. Тап-таза дриблер, ойынын көру бір ғанибет», - деді А. Парра.
Айта кетейік, Максим Самородов ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Лихтенштейнмен болған бәсекеде бір гол мен ассисттің авторы атанды. Ал РПЛ-дің 24/25-жылғы маусымында 15 ойында 3 рет мергендік танытып, 2 голдық пас шығарды.
Біздің серіктес: FONBET