«Тараз» Армения чемпионына жол берді

11.02.2022, 03:49
Матчтағы жалғыз голды «Атыраудың» экс-қорғаушысы соқты.
«Тараз» Армения чемпионына жол берді

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тараз» армениялық «Алашкерт» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кету керек, «Алашкертті» «Атыраудың» экс-бапкері Арам Восканян жаттықтырады. Сондай-ақ команда сапында «мұнайшылардың» бұрынғы ойыншысы Дмитрий Гузь бен қазақстандық шабуылшы Алексей Родионов өнер көрсетті. Матчтағы жалғыз голды дәл сол ресейлік қорғаушы соқты. Ал Родионов алаңға екінші таймда шықты.

«Алашкерт» 2020/2021 жылғы маусымда Армения чемпионы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» соңғы ойында сербиялық «Колубара» клубынан 0:3 есебімен ұтылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×