"Тараз" клубы Премьер-лиганың 13-турында Қызылордалық "Қайсармен" тең ойнады. Матч Талғардағы ұлттық құраманың базасында өтіп, 2-2 есебімен аяқталды.
Кездесудегі алғашқы голды 23-минутта "Тараз" шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек соқты. Араға екі минут салып Серж Ньюадзи баспен гол соғып, есепті еселеді. 63-минутта Элгуджа Лобжанидзе есепті қысқартып, 82-минутта таразы басын теңестірді.
Кезекті ұпайына қол жеткізген "Тараз" 13 ұпаймен сегізінші орынды ешкімге бермей тұр. Ал "Қайсар" 17 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET