«Тараз» бен «Раднички» футбол клубтары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды

20.02.2012, 08:35
«Тараз» бен «Раднички» футбол клубтары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды
 Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Тараз»  футбол клубы Сербияның «Раднички» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
 Бұл ойын 3:0 есебімен тараздықтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші боп Шерхан Бауыржан есеп ашты. Одан кейін Иван Перич пен оның оның орнына шыққан  Ерзат Кенбаев мергендік танытты. «Тараз» Қазақстан Премьер лигасында өткен маусымда 9-орын алса, Крагувац қаласының «Раднички» клубы Сербияның бірінші лигасында 4-орында келе жатыр. Крагувацтықтардың 1923 жылы құрылған бұл командасы 2009/2010 жылғы маусымда Батыс лигасында 1-орын алған еді. Бастапқыда тараздықтар Ягодина қаласының  «Ягодина» клубымен  кездеседі деп жоспарланған болатын. 1919 жылы негізі қаланған «Ягодина» футболшылары Сербия суперлигасында  2010/2011 жылғы  маусымда 12-орын алған еді. Енді «Тараз» келесі кездесуін 19-ақпанда Ресейдің «Химки» командасымен өткізбек. Химки қаласының 1996 жылы құрылған бұл командасы Ресейдің бірінші дивизионында соңғы маусымда  13-орын алды. Олар бұған дейін 2004/2005 жылғы маусымда Ресей кубогының финалисі, ал 2006 жылы Бірінші дивизонда жеңімпаз атанған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×