«Тараз» екі легионермен қош айтысты

26.01.2021, 17:39
Екі футболшы да жамбылдық клубта жақсы ойнады.
«Тараз» екі легионермен қош айтысты

Өткен маусымда "Тараз" сапында ойнаған екі легионер командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

27 жастағы Гвинея-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Сильва "Тараз" сапында 17 матч өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Тағы бір легионер, 29 жастағы француз шабуылшысы Серж Ньюадзи екі маусымда 39 кездесу өткізіп, 10 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Тараздан" Деян Больевич, Йован Чадженович, Братислав Пуношевац, Горан Бркич ("Тузла Сити", Босния және Герцеговина), Михаил Мищенко, Аюб Бацуев және Овидиус Вербицкас ("Жальгирис", Литва) кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×