Егор Алишаускас мансабын Жамбыл ұжымында жалғастырмақ.
28 жастағы қорғаушы Қарағанды футболының түлегі. Ол кәсіби мансабын 2016 жылы “Шахтердың” Жастар командасында бастаған. 2020 жылы Алишаускас “Тобылға” қарсы кездесуде Премьер-Лигада дебют жасады. Кеншілерден бөлек, Литва мен Қазақстан азаматы ақтаулық “Каспий” мен елордалық “Жеңіс” сапында өнер көрсетті.
Өткен маусымды қорғаушы “Каспий” сапында өткізіп, жазғы трансферлік ауысымда еркін агент атанды. Ешқандай команда таппаған Егор теңізшілер сапында тізімде болғандықтан, Бірінші Лига чемпионы атағына лайық деп танылды.
Жалпы Алишаускас өзінің кәсіби мансабында 76 матч өткізіп, 3 голды өз атына жазды.
Айтпақшы, Егордан бөлек бүгінгі күні команда сапында шабуылшы Карим Смыковта жүр. Ол “Таразбен” бір жылдық келісім шартқа отырды.