«Тараз» футболшысы клубтың үстінен ФИФА-ға шағым түсірмек

07.12.2021, 22:43
Португалиялық футболшы бір тиын алмаған екен.
«Тараз» футболшысы клубтың үстінен ФИФА-ға шағым түсірмек

«Тараз» тамыз айының соңында 27 жастағы жартылай қорғаушы Эривалдомен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда, қазақстандық клуб португалиялық вингердің жалақысын төлемеген екен. Бұл туралы футболшының өзі хабарлады:

- Мен ФИФА-ға «Тараздың» үстінен шағым түсіремін, өйткені олар маған жалақы туралы өтірік айтуды жалғастыруда. Сондықтан мен бұл клубпен келісім-шартымды бұзамын.

- Келісім-шарт бойынша төленетін ақшаны қанша уақыттан бері ала алмай жүрсіз?

- Клубқа келген сәттен бастап. Мен бұл жерде ақшаның бетін көрген жоқпын. Тамыздан желтоқсанға дейін бір тиын алмадым.

Мен келісім-шартты бұзғым келмеді, өйткені ондағы адамдар мені жақсы қабылдады және маған қала ұнады, бірақ олар үнемі өтірік айтып, шектен шығып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×