Гаити құрамасының қорғаушысы Алекс Жуниор «Таразбен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Алекс кәсіби мансабын 2013 жылы «Виолетт» клубында бастаған. Әр жылдары «Джерси Экспресс», «Вила-Реал», «Боавишта», «Камача», «Гандзасар», «Арарат-Армения» және «Атырау» командаларында ойнаған. Екі рет Армения чемпионы және Армения Суперкубогінің жеңімпазы атанды. Гаити құрамасына тұрақты түрде шақырту алып тұрады.
28 жастағы футболшы өткен маусымды «Атырауда» өткізіп, 12 матчта 1 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET