«Тараз» германиялық клубты еш қиындықсыз ұтты

30.01.2022, 17:56
Неміс командасы Бундеслигада көш бастап келеді.
«Тараз» германиялық клубты еш қиындықсыз ұтты

«Тараз» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде германиялық «Падерборнның» екінші командасын 3:0 есебімен ұтты.

Жамбылдық клуб сапында Әлішер Сүлей (дубль) мен Марат Шахметов мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, «Падерборнның» екінші командасы Германияның бесінші дивизионында өнер көрсетеді және қазір турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Нұркен Мазбаевтың шәкірттері келесі кездесуін 2 ақпанда сербиялық «Колубара» клубына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×