«Тараз» грузиялық қорғаушымен толықты

07.02.2022, 16:39
Келісім-шарт мерзімі бір жылға есептелген.
«Тараз» грузиялық қорғаушымен толықты

24 жастағы грузиялық қорғаушы Лука Гадрани «Тараз» клубымен келісім-шарт жасасты.

Лука бір маусым бойы жамбылдық клубтың намысын қорғамақ. Футболшы қажет болған жағдайда артқы жартылай қорғаушы позициясында да ойнай алады.

Лука Гадрани кәсіби мансабын грузиялық «Цхинвал» командасында бастады. 2018-2019 жылғы маусымда «Рустави» сапында ойнады. 2019 жылы ирандық «Шахин Бушер» клубымен келісім-шартқа отырды. Ал 2020 жылы латвиялық «Валмиерас» командасында доп тепті.

Гадрани Грузия жасөспірімдер және жастар құрамасына шақыртылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×