Қазақстандық қорғаушы Жалғас Жақсылықов «Тараз» клубымен келісімшартқа қол қойды.
“Жалғас Жақсылықов кәсіби мансабында «Тараз», «Мақтарал», «Тұран» және «Оқжетпес» клубтарында өнер көрсетті.
24 жастағы қорғаушы еліміздің жастар құрамасы сапында ойнап, 20 жуық матч өткізген. Клубтар сапында 90 аса ресми матч ойнады.
Жалғас «Тараз» жейдесінде №33 нөмірде өнер көрсетеді”, – делінген клубтың әлеуметтік желісінде.
Жақсылықовтың бұған дейін қызылордалық «Қайсарда» доп тепкен еді.
Айта кетейік, Бірінші лигада 11 ойыннан кейін «Тараз» командасының қоржынында тоғыз ұпай бар және ол турнирлік кестеде 12-орында тұр.