“Тараз” клубында дағдарыс – Ұжым Дидар Сыдықбекке наразы

Бүгін, 09:54

Жамбыл футболының мақтанышы "Тараз" клубында жағдай ушығып барады, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

“Тараз” клубында дағдарыс – Ұжым Дидар Сыдықбекке наразы

Goal.Kz телеграм арнасының мәліметінше, клуб Дидар Сыдықбектің басқаруына өткеннен бері футболшылар мен қызметкерлер үш ай бойы жалақы көрмеген.

Дидар Сыдықбек өткен жылдың желтоқсанында клубтың директоры болып тағайындалған болатын. Алайда, клубты тізгіндеген алғашқы айлардан-ақ қаржылық қиындықтар бой көтере бастады. Инсайдерлердің мәліметінше, жаңа басшылық футболшылар мен техникалық персоналдар алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық орындай алмай отыр.

Үш ай бойы ақшасыз қалған ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің арасында наразылық күшеюде. Бұл жағдай команданың ойын өрнегіне де, ішкі атмосферасына да кері әсерін тигізері анық. Дидар Сыдықбек бұл мәселені қалай шешетіні әзірге белгісіз. Қаржылық дағдарыстың себебі ретінде жаңа қожайынның жеке басындағы қиындықтар аталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×