«Тараз» клубының 2020 жылға арналған бюджеті белгілі болды

11.12.2020, 20:00
«Тараз» алдын қойылған міндетті орындай алмапты.
«Тараз» клубының 2020 жылға арналған бюджеті белгілі болды

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Тараз» футбол клубы алтыншы орынды иеленуі керек еді, деп хабарлады Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Клубтың осы жылға бөлінген бюджеті де белгілі болды.

«Ағымдағы жылға арналған «Тараз» кәсіпқой футбол клубының бюджеті 1 миллиард 421 миллион теңгені құрады. Тапсырма Премьер-лигада алтыншы орынға ие болу еді, бірақ команда маусымды сегізінші орынмен аяқтады», - деп атап өтті ұйым.

Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» Қазақстан Премьер-лигасында «Қызыл-Жар СК» командасымен бірге 23 ұпай жинады, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша кестеде петропавлдық команданы айналып өтіп, сегізінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×