Жамбыл облысының "Тараз" футбол клубында басшылық ауысуы орын алды. Клубты енді Дидар Сыдықбек сенімгерлік басқаруға алады. деп хабарлайды Aladop.kz
Дидар Сыдықбек алдағы уақытта клубтың дамуы мен қаржылық тұрақтылығына толық жауап береді.
Жаңа басшының алдында бірқатар маңызды міндеттер тұрғаны белгілі. Атап айтсақ, команда құрамын күшейту, инфрақұрылымды жақсарту және жанкүйерлердің сенімін қайта оралу және ҚПЛ-ге шығып, Жамбылдық футболдың беделін арттыру болмақ.