Диержон Арипов мансабын Бірінші Лига командасында жалғастырады деп күтілуде.
28 жастағы оң қаптал қорғаушы 2025 жылғы маусымды ақтаулық “Каспийде” өткізді. Теңізшілер сапында Түркістан тумасы 16 ойын өткізіп, 3 сары қағаз алды. Және маусым қорытындысы бойынша Арипов өз мансабындағы ең алғашқы трофейіне қол жеткізді.
“Каспиден” бөлек, Диержон өз түлеп ұшқан “Мақтааралда” біраз жылдар бойы өнер көрсетті. Онда барлық турнирлерде 80 матч өткізіп, өз командасының лидері екенін көрсетті.
Айта кетейік, “Тараз” командасы күні бүгінге дейін “Каспий” сапында Бірінші Лига чемпионы атанған Бауыржан Байтана мен Жақып Қожамбердіні қатарға қосып алды.