Белгілі футбол функционері Дидар Сыдықбек "Тараз" клубының директоры атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Жамбыл облысы басшылығына, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына осындай ірі клуб – "Таразды" басқаруды сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтқым келеді.
Сонымен қатар, қолдауы үшін Қазақстан футбол федерациясына және мені жылы қарсы алған "Тараз" футбол клубының жанкүйерлеріне алғыс білдіремін. Бастысы - бізге артылған үмітті ақтау. Жұмысты жүйелі түрде жүргізгім келеді: балалар футболынан бастап негізгі командаға дейінгі барлық құрылымды ретке келтіруді мақсат етіп отырмын.
Біз дубльді қайта жандандырамыз, негізгі команданы жүйелі күшейтеміз, жеке футбол мектептерімен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарамыз, аудан орталықтарында филиалдар ашамыз. Ал өзімнің алдыма "Таразды” ҚПЛ-ге шығару міндетін қойып отырмын, өйткені мұны бәрі көптен бері күтіп жүр.” – деді Сыдықбек Серый CARDINAL телеграм арнасына берген сұхбатында.