“Тараз” командасының қорғаушысы мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

24 жастағы Жалғас Жақсылықов бүгінде “Жеңіс” клубы сапында жаттығып жүр.

“Тараз” командасының қорғаушысы мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

Бірнеше күндерден бері орталық қорғаушы “Тараз” ФК ойыншылары қатарынан табылмады. Инсайд ақпараттарға сенсек, Жалғас алдағы уақытта "Жеңіс" ұжымымен келісімге келеді екен.

Еске салсақ, 2024/25 жылғы маусымды Жақсылықов “Қайсар” сапында бастап, артынша өзінің туған өлкесіндегі “Таразға” қосылып еді. Онда жыл соңына дейін 13 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

Өз мансабында орталық қорғаушы “Тараз” бен “Қайсардан” бөлек, “Оңтүстік” Академия, “Мақтаарал”, “Тұран” және “Оқжетпес” клубтарында доп тепті.

Жалғас 2017 мен 2021 жылға дейін ел құрамасының U-17, U-19 және U-21 ұжымдарына шақыртылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×