«Тараз» литвалық футболшымен қош айтысты

23.01.2021, 18:11
Вербицкас қазақстандық маманның командасында өнер көрсетпек.
«Тараз» литвалық футболшымен қош айтысты

27 жастағы "Тараздың" литвалық жартылай қорғаушысы Овидиус Вербицкас "Жальгиристің" ойыншысы атанды.

Футболшыға Литва чемпионатының екі көшбасшы командасы ұсыныс жасады. Елдің қазіргі чемпионы - "Жальгирис" және күміс жүлдегері - "Судува". Нәтижесінде Вербицкас "Жальгиристің" ұсынысын қабыл алды, бұл команданы қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.

Өткен маусымда Овидиус Вербицкас "Тараз" сапында 14 матч өткізіп, 1 нәтижелі пасымен көзге түсті, 2 сары қағаздың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Тараздан" Деян Больевич, Йован Чадженович, Братислав Пуношевац, Горан Бркич ("Тузла Сити", Босния және Герцеговина), Михаил Мищенко және Аюб Бацуев кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×