«Тараз» менеджерлердің қателігінен Каньясты командаға қоса алмады

17.09.2020, 02:50
Тәжірибелі футболшының командаға көмегі тиер еді.
«Тараз» менеджерлердің қателігінен Каньясты командаға қоса алмады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тараз" колумбиялық футболшы Рохер Каньясты менеджерлердің қателігінен командаға қоса алмады.

"Тараз" клубы 30 жастағы ойыншымен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп келді және қыркүйекте Каньяспен келісімге келген болатын. Бірақ тәжірибелі футболшы Колумбиядан Қазақстанға келе алмады.

«Тараз» жартылай қорғаушыны трансферлік терезеден тыс уақытта еркін агент ретінде аламыз деп күткен еді, бірақ ойыншының құжаттары қате толтырылған. Осылайша, "Тараз" бен Каньяс арасында жасалған келісімшарт тоқтатылады.

Рохер Каньястың ҚПЛ-дағы соңғы клубы - "Ертіс". Футболшы Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды, Премьер-лигада 170 матч өткізіп, 22 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×