«Тараздың» 26 жастағы жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей «Каспийге» ауысты.
Ойыншы ҚКФЛ ресми сайтындағы «Каспийдің» өтініміне енгізілді. Ол ақтаулық клубта 95-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Еске салайық, ағымдағы маусымда Әлішер жамбылдық клуб сапында 8 матч өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Сүлей - «Тараздың» түлегі. Бұған дейін «Тобыл», «Ертіс», «Атырау», «Ордабасы» сынды клубтарда доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET