“Тараз” ФК алғашқы ОЖЖ өз жерінде өткізіп жатыр, деп жазады Аладоп.кз.
Аталмыш жиындар барысында оңтүстік ұжым екі жолдастық кездесу өткізді. Алғашында “көк-ақтар” Шымкент қаласында “Ақсу” ұжымынан 1:2 есебімен жеңілсе, кейінірек SD Family клубынан басым түсе алмады (1:3). Айта кету керек, қаржылық қиындықтарға тап болған “Тараз” футболшылардың физикалық дайындығын өз жерінде пысықтап, сырт алаңдағы ойындарына барып-келіп жүруіне мәжбүр. Бірінші лига командасы өткізген ойындарынан кейін қонақ үйге тоқталмастан, бірден үй жаққа қарай бағыт алуда екен. Бұл қаражатты үнемдеуге бағытталған шаралардың бірі деп түсінеміз.
Жалпы команданың жаттығу-жиындары 3 наурызға дейін жалғасады.
"Тараз" клубының ОЖЖ қатысып жатқан ойыншылары:
Қақпашылар:
Затыбеков Дәулет, Рахметулла Еркебұлан, Щербаков Станислав
Қорғаушылар:
Сеитов Давранбек, Асан Асылбек, Жақсымбетов Мирас, Умирзаков Жандос, Әшірбек Арсен, Еркінбек Азамат, Махмеджан Еділжайық
Жартылай қорғаушылар:
Тойбеков Еркебұлан, Рахмет Бауыржан, Хайтмұратов Улугбек, Жұмат Мүслім, Орынбасар Диас, Лесбек Диас, Байбосынов Нұрдаулет, Кеулімжай Ерасыл, Орынбасар Нұрдәулет, Ерден Азамат
Шабуылшылар:
Димаш Серікұлы, Муканбетжанов Абзал
Айта кетейік, бүгін, 28 ақпан күні “Тараз” павлодарлық “Ертіске” қарсы тұрмақ. Ойын әдеттегідей Шымкент қаласында өтеді. Басталуы - 15:00.
Біздің серіктес: FONBET