«Тараз» Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Тобылмен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Жамбылдық клуб бұл ойында 3 мәрте Александр Мокин қақпасын дәл көздесе, «Тобыл» ойыншыларына дәл соққы жасаудың сәті түспеді. Одан бөлек, алаң иелері сапында 5 ойыншы, ал қостанайлық клубтың 3 ойыншысы сары қағазбен жазаланды.
Бір ұпайды қоржынға салған Вардан Минасян шәкірттері турнирлік кестеде тоғызыншы орынға тұрақтады (25 ұпай). Ал «Тобыл» 46 ұпаймен екінші орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET