«Тараз» өз алаңында «Тобылдың» жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді

20.09.2021, 00:00
Қостанайлық клуб бұл ойында бірде-бір дәл соққы жасай алмады.
«Тараз» өз алаңында «Тобылдың» жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді

«Тараз» Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Тобылмен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Жамбылдық клуб бұл ойында 3 мәрте Александр Мокин қақпасын дәл көздесе, «Тобыл» ойыншыларына дәл соққы жасаудың сәті түспеді. Одан бөлек, алаң иелері сапында 5 ойыншы, ал қостанайлық клубтың 3 ойыншысы сары қағазбен жазаланды.

Бір ұпайды қоржынға салған Вардан Минасян шәкірттері турнирлік кестеде тоғызыншы орынға тұрақтады (25 ұпай). Ал «Тобыл» 46 ұпаймен екінші орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×