Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрлан Дайыров мансабын «Таразда» жалғастыра бермек, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Жамбылдық клуб «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыевтің назарына іліккен қорғаушыны тегін жіберуге дайын емес.
26 жастағы футболшы осы маусымда Премьер-лигада бес ойын өткізді.
Бұған дейін «Қайрат» «Тараздың» тағы бір қорғаушысы Елдос Ахметовке қызығушылық танытқан еді. Екі ойыншы да бұған дейін алматылық клубта өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET