«Тараз» пенальти сериясында «Шахтерден» басым түсті

01.09.2022, 02:40
Жамбылдық клуб келесі кезеңде «Ақжайықпен» күш сынасады.
«Тараз» пенальти сериясында «Шахтерден» басым түсті

«Тараз» Қазақстан кубогінің ширек финалында «Шахтермен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 66-минутында Роман Мұртазаев есеп ашты. Ал екі минуттан кейін Абылайхан Жұмабек баспен гол соғып, кездесуді экстра-таймға ұластырды. Бірақ қосымша берілген 30 минутта қос команда гол соға алмады.

Пенальти сериясында «Тараз» ойыншылары өздерінде болған төрт мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. Ал «Шахтер» сапында Роджер Каньяс пен Стефан Букорац қателесті. Нәтижесінде 4:2 есебімен жамбылдық клуб жеңіске жетті.

Нұркен Мазбаевтың командасы Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Ақжайықпен» кездесетін болады

«Тараз» – «Шахтер» – 1:1 (негізгі уақыт – 1:1) (пенальти сериясы - 4:2)

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Берік Айтбаев (к), Нұрлан Дайыров, Әділет Кеңесбек – Милен Гамаков (Бектас Нұрдәулет 89), Абзал Таубай (Мақсат Әмірханов 82) – Дінмұхамед Қараман (Максим Дегтярёв 82), Жақып Қожамберді (Марат Шахметов 67), Абылайхан Жұмабек (Куаныш Қалмұратов 119);

Қосалқы құрам: Денис Кавлинов (қ), Джурахон Бабаханов (қ) – Бекзат Шадманов, Ермек Қуантаев – Алмас Сапарғалиев, Еркебұлан Тойбеков, Бауыржан Рахмет;

«Шахтер»: Игорь Трофимец (қ) (Игорь Шацкий 119) – Джордже Чосич, Стефан Букорац (к), Иван Граф (Николай Ковталюк 90), Мирам Сапанов, Филип Глигоров – Фархат Мұсабеков, Роджер Каньяс, Абылайхан Назымханов (Александр Позняк 90) – Роман Мұртазаев (Евгений Кобзарь 84), Тоқтар Жаңғылышбай;

Қосалқы құрам: Темур Мустафин – Эдин Рустемович – Темур Чогадзе, Айдос Тәттібаев, Иван Свиридов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×