«Тараз» португалиялық жартылай қорғаушыны қатарға қосты

11.08.2021, 22:40
Футболшы «Астанаға» кеткен Педро Эуженионы алмастырады.
«Тараз» португалиялық жартылай қорғаушыны қатарға қосты

Meta-ratings.kz-ке белгілі болғандай, португалиялық жартылай қорғаушы Эривалдо еркін агент ретінде "Таразға" ауысты.

27 жастағы Эривалдо "Астанаға" кеткен Педро Эуженионы алмастырады. Ол соңғы кездері болгариялық "Берое" клубында ойнады. Шілдеде келісім-шарты аяқталғандықтан, еркін агент мәртебесін алды. Оның жамбылдық клубпен жүргізген келіссөздері сәтті аяқталды. Өзінің отандасы Эужениомен кеңескен Эривалдо "Таразда" аз жалақы алуға келісті.

Болгарияға қоныс аудармас бұрын Эривалдо Португалияның бірқатар клубтарында ойнады, соның ішінде "Лейшоеш", "Маритиму", Академика Визеу және "Авес" командаларының намысын қорғады. Сондай-ақ ол өз елінің жастар құрамасында бір матч өткізген.

Жақын арада футболшы жамбылдық клубтың орналасқан жеріне келуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×